Еліміздегі туризм саласын дамытудағы алғышарттардың бірі-осы салада қызмет көрсететін мамандар даярлау болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында биылғы оқу жылында Шет тілдер колледжінде "Туризм" мамандығы ашылған еді. Аталған мамандық бойынша білім алушы ПД-33 тобы жоспарға сәйкас алғашқы саяхаттарын бастап та кетті. Облыстық өлкетану мұражайына барған мағыналы да мазмұнға бай саяхаттан студенттер ерекше әсер алып қайтты.