Колледж туралы жалпы мәлімет
- Мекеменің толық атауы: Шет тілдер колледжі
- Мекеменің негізгі түрі : жеке меншік
- Мекеменің тиістілігі: Қарағанды облысының білім басқармасы
- Мекеменің мекенжайы: Қазыбек би ауданы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік гулзары 35
- Мекеменің құрылуы: 2005 жыл
- Мекеменің сыйымдылығы : 500
- Мамандандыруы: гуманитарлық (тілдерге дайындау)
Міндеті:
Білім беру процесін түлектердің жан- жақты және көп тілді тұлға ретіндегі жоғары рейтингіге жетуі үшін алдын ала білім беру принциптеріне сай құру.
Сипаты:
Шет тілдер колледжі өзін бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар даярлаудағы еліміздің тіл саясатына сәйкес алдыңғы қатарлы оқу орны ретінде сипаттайды.
Білім беру қызметін Қарағанды облысы білім Басқармасы 28.05. 2009ж. берген АБ № 0039670 сериялы Мемлекеттік лицензиясына сай жүргізеді.
Шет тілдер колледжі екі Мемлекеттік аттестаттаудан (2010ж.,2015ж.) сәтті өтті. 2013жылы сапалы білім бергені үшін Швейцарияның Женева қаласында Халықаралық Гран-при иегері болды.
Негізі қаланғаннан бастап колледж лингвистикалық орталықтарға, туристік фирмаларға, өндірістерге,қала мектептеріне, лицей, гимназияларға, тіл орталықтарына 1342 маман даярлап шығарды.
Колледж түлектерінің ҚР-ның жоғары оқу орындарында сырттай және қысқартылған бағдарлама бойынша және шет елдерде білімдерін жалғастыруға мүмкіндіктері бар.