5 - қыркүйек Қазақстан халқының тілдер күні. Аталған мерекеге орай шет тілдер колледжінде оқытушылар Б. Съязхан, Қ.Есмуратованың ұйымдастыруымен "Тіл - ұлттың тұғыры, рухы мен намысы" тақырыбында әдеби панорама өткізілді. Тілдер мерекесі қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ғалым түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгендіктен, әдеби панораманың негізгі мазмұны ғалымның өшпес мұрасына арналды. Іс- шараға колледждің 1-3 курс студенттері белсене қатысып, сан ғасыр аманат болып жеткен ана тіліміздің ұдайы дамуы мен қолдану аясының кеңеюіне, мәртебесінің артуына өз үлестерін қосты.