Ұлы Отан соғысы тарихымыздағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Қанды және аяусыз соғыстың қасіретін ұмыту мүмкін емес. Жеңіске жету үшін, халқымыз үлкен қиындықтардан өтті. Соғыс 4 жылға созылып, Кеңес Одағында өмір сүрген әрбір төртінші адам көз жұмды. Міне, сол соғыста елі үшін жанын қиған ата-бабамыздың біз бақытты ұрпағымыз.  Ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпағанымыз жөн, себебі тарихын ұмытқан халықтың болашағы жоқ. Бұл адамдардың қаһармандығы, жас ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз!